×

«Хуторлықтар» бұрын көрші баланы пышақтап, атып өлтірген – Шерзат Болаттың әкесі

Талдықорғандағы сот

«Хуторлықтар» бұрын көрші баланы пышақтап, атып өлтірген – Шерзат Болаттың әкесі
Фото: Jogargy_sot

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотта «Хуторлықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бұрын көрші баланы аяусыз өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қолыма пышақ алып, қорғану мақсатында шықтым. Неге десеңіз, «Хуторскийміз» дегенде сескеніп қалдық. Өйткені, бұлар ауылда бірге-бір төбелесіп шешпейтінін, қаншама бала жарақат алғанын естіген едік. Олар әрдайым топ болып шабуылдайды. Бұған дейін қанша бала зардап шекті. Тіпті «хуторлықтар» деген жігіттер біздің көрші баланы пышақтап, атып өлтірген. Сол себепті мен қорқып, өзімді, баламды қорғау үшін пышақ алдым. Ал пышақ – бұл жай ғана май, ірімшік кесетін пышақ», – деді Нұрымов сотта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →