×

"Жай ғана кетіп қалды": Таразда 10-сынып оқушысы от арасынан екі сәбиді аман алып шықты

Ол жас сәбилерді құтқарған соң ешкімге білдірместен үйіне кетіп қалған

"Жай ғана кетіп қалды": Таразда 10-сынып оқушысы от арасынан екі сәбиді аман алып шықты
Сурет: Бейнеден кадр

Тараз қаласында 10 сынып оқушысы сәбилерді от арасынан аман алып шығып, құтқарып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Таразда №54 мектептің 10-сынып оқушысы Қадырәлі Қыздарбек нағыз батыр атанды. 15-шағын аудандағы пәтерлердің бірінде өрт шыққанда, жасөспірім сасқалақтамай, түтінге толған бөлмеден екі кішкентай баланы аман алып шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, Қадырәлі достарымен бірге сабақтан қайтып келе жатқанда, бесінші қабаттың терезелерінен шыққан қою түтінді байқап қалады. Тұрғындар абыр-сабыр болып сыртқа жүгіріп жатқанда, ол бірден подъезге қарай жүгірген.

«Іште балалар болған — бірі бесікте, екіншісі қасында. Қадырәлі оларды далаға алып шығып, ересектерге табыстады. Сосын пәтерде басқа ешкім қалмады ма деп қайта кіріп шықты. Мұның бәрі құтқарушылар келмей тұрып болған еді», — дейді көршілері.

Өрт сөндірушілер келгенде, мектеп оқушысы ешкімге білдірместен сөмкесін алып, үйіне кете барған.

“Даңғаза жоқ, алғыс күтпейді. Мұндайларды: "Нағыз азаматты жастайынан танисың" дейді. Қадырәлі, сенің әрекетің — ерлік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі. Сенімен тек отбасың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы мақтана алады”, – деп жазып жатты желі қолданушылары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат сотынан кейін Абзал Шынасыл әйнекті сындырып, адвокатқа қарай ұмтылған
Бүгін, 16:54

Шерзат сотынан кейін Абзал Шынасыл әйнекті сындырып, адвокатқа қарай ұмтылған

Оның айтуынша, сотталушылар қысым көрсетіп, жағдайды ушықтыруға тырысқан.
Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →