×

Атыраудағы университеттің жатақханасы опырылып құлап түсті

Апатты деп танылған № 2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған

 

Атыраудағы университеттің жатақханасы опырылып құлап түсті
Сурет: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Бүгін 22 сәуір күні Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің апатты деп танылған жатақханасының бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Жоғары оқу орнының баспасөз қызметі жатақхананың құлап қалғанын растап, мәлімдеме жасады.

“Университеттің шаруашылық бөлімі 2022 жылдың қараша айында № 2 жатақханадағы 1-қабатының қабырғасында ақаудың пайда болғанын анықтады. Осы жағдай анықталған соң мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жатақхананың техникалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге конкурс жарияланды. 2023 жылғы 21 ақпандағы № 138 келісімшартқа сәйкес «PFA compani» ЖШС техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ғимараттың апатты жағдайда екені расталды. Студенттердің бәрі басқа жатақханаларға көшіріліп, орналастырылды. Апатты деп танылған № 2 жатақхана айналасы қоршалған. Жатақхананың құлағанынан ешкім зардап шеккен жоқ”, — деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Атырау университетінің апатты жатақханасының бір бөлігі опырылып құлады

Атырау облысының құрылыс басқармасы университеттің апатты жағдайдағы екі жатақханасының ғимаратын бұзу, студенттерге арналған 1000 орындық жаңа жатақхана салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындаған. Жаңа нысанның жобалаушысы — «Авангард ОК» ЖШС. Жоба сараптамадан өтуге жолданған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Кәсіпорын мемлекеттік сатып алу сайтында белсенді емес
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Сот шешімі араға жыл салып шығып отыр. Оқиға өткен жылы 14-16 сәуір аралығында болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →