×

"Ит үйшігі баспана, тезек ботқа": Қарағанды облысында бір отбасы жетім балаларды құлдықта ұстаған

Бұл отбасы 2018 жылы жеке мақсаттары үшін балалар үйін ашқан

"Ит үйшігі баспана, тезек ботқа": Қарағанды облысында бір отбасы жетім балаларды құлдықта ұстаған
Сурет: Freepik.com

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты ауылдағы отбасы 6 бала асырап алып, құлдыққа салып, біреуін мүгедек еткен, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты ауылдағы отбасы 2018 жылы балалар үйін ашып, алты жеткіншекті асырап алған. Оларды бірден малға салып, қора-қопсысын қаратып, қара жұмысқа жеккен. Тіпті балалардың ботқасына "малдың тезегін қосып берген". Үнемі ұрып-соғып, ақыры біреуін мүгедек қылған. Соққыға жығылған балалардың денесінен 19-дан 47-ге дейін тыртық анықтаған. Ең кішісінің басын жарып тастаған. Ал балаларға ай сайын төленетін 300 мың теңгені өздері жаратқан”, – делінген прокуратура анықтаған ақпаратта.

Нәтижесінде отбасының үш мүшесіне азаптау бабы бойынша айып тағылды. Қазір үш бала туған әжесінің қарауына берілген. Қалған үшеуі балалар үйіне қайтарылып, құлдықтан құтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

2022 жылы «Серік Голова» журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты.
Оқиға Есіл өзенінің жағалауында кешкі уақытта орын алған
Бірнеше күн бұрын желіде әкімнің қызғалдақ ұстап түскен суреті тараған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →