×

"10 млн берем, тізімнен алып таста": Елордада қылмыстық схема әшкере болды

Борышкер компанияны Электрондық қаржы орталығының бас маманы тізімнен алып тастаған

"10 млн берем, тізімнен алып таста": Елордада қылмыстық схема әшкере болды
Сурет: time.kz

Елорда прокуратурасы электрондық мемлекеттік сатып алулар саласындағы қылмыстық схеманы әшкереледі, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қадағалау қызметі барысында қалалық прокуратура коммерциялық компаниялардың бірін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен заңсыз алып тастауды анықтады. Қала прокуратурасы ақпаратты заңсыз жою фактісіне қатысты ҚК-нің 206-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеп, дереу шара қабылдады. ҰҚК-нің Астана қаласы бойынша Департаменті жүргізген тергеу барысында автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қызметтік қолжетімділікті пайдалана отырып, серіктестікті аталған тізілімнен заңсыз алып тастаған "Электрондық қаржы орталығы" АҚ-ның (бұдан әрі-ЭҚО) бас маманы анықталды. Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы коммерциялық компанияның директоры екені белгілі болды, ол делдал арқылы «ЭҚО» АҚ-ның бас маманына көрсетілген қызмет үшін 10 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берген”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі таңда, тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →