×

Шерзат Болат ісі: айыпталушылардың қылмыс түні өзара қалай сөйлескені белгілі болды

Оқиға болған түні Prada көлігінде Абзал Шынасыл, Юлдаш Розыбакиев, Арлан Казкенов, Нұрқияс Ілиясов және Дана Жақсыгелді отырған.

Шерзат Болат ісі: айыпталушылардың қылмыс түні өзара қалай сөйлескені белгілі болды
видеодан кадр

Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Болатты өлтіру дерегі бойынша кезекті сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысы 2024 жылы 4 қазанға қараған түні айыпталушылар көлікте сөйлескен сәттің аудиожазбасын тыңдалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Оқиға болған түні Prada көлігінде Абзал Шынасыл, Юлдаш Розыбакиев, Арлан Казкенов, Нұрқияс Ілиясов және Дана Жақсыгелді отырған.

Абзал Шынасыл Арланға «ауыздарыңыздан ешқандай сөз шығып жүрмесін» деген. Жәбірленуші тараптың адвокаты сол сәтте не туралы айтылғанын сұрады.

Болған оқиға жайлы айттым. Бізге Арлан өздерінің барып көргендерін айтты ғой. Одан артық ештеңе айтқан жоқпын. Өз арамызда ешқандай келісім болған жоқ, - деп жауап берді Абзал Шынасыл.

Сотталушы Абзал Шынасыл түн жарымда ұйықтап жатқан полиция қызметкерлеріне хабарласа алмайтынын айтқан.

Мен полициядан қорқыпаймын. Бұл кәдімгі қарапайым полиция ғой, - дейді ол.

Айыпталушы Нұрқияс Ілиясов оқиға кезінде Шерзаттың анасын өзі тоқтатып, сол сәтте оның ұлына өлімші жарақат салғанын айтқан

Қылмысқа қатысқандар елден қашу жолдарын қарастырған – олардың әңгімесінде Грузия мен Ресейге кету нұсқалары айтылған.

Одан кейін Равиль Сакиев пен А деп белгіленген азаматтың камера ішіндегі әңгімесі оқылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оқиға 25 мамыр күні Шымкент зообағында орын алған болатын
Оқиға Есенберлин даңғылындағы жолдың жүру бөлігінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →