Оқиға 25 мамыр күні Шымкент зообағында орын алған болатын
Шымкент зообағында қоршаудан секіріп өтіп, түйеқұсты теуіп, түкіріп жіберген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Оқиға басқа келушінің ұялы телефонына түсірілген. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қоғамда резонанс тудырған болатын.
Бұл істі кәмелетке толмаған жасөспірім жасағаны белгілі болды. Зообақтағы тәртіп бұзғаны үшін ол жазаға тартылған.
"25 мамыр күні Шымкент зообағында шамамен сағат 18:00-де келушілердің бірі қоршаудан асып өтіп, түйеқұсты теуіп жіберіп, басқа жануарларды әдейі қорқытқан. Құқықбұзушы анықталды – ол кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты. Ол ата-анасының қатысуымен түсініктеме жазды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады полиция.