Ұрлық жасаған 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты
Астана қаласында автокөлік тұрағынан мүлік ұрлаған күдікті жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қолға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“30 жастағы қала тұрғыны таңертең көлігіне оралғанда салонына біреудің заңсыз кіргенін байқап, дереу полицияға жүгінген. Қылмыс түнгі уақытта жасалып, оқиға орнында куәгерлер болмаған. Соған қарамастан, Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-қимыл танытып, күдіктіні қысқа мерзімде анықтады. Ұ Тергеу барысында анықталғандай, Mercedes автокөлігі көпқабатты үйдің ауласында тұрған. Күдікті түнде бірнеше көліктің есігін тексеріп, құлыпталмаған көлікті тауып, ішіне кіріп, салонынан кілт жасауға арналған арнайы құрылғыны жасырын алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 300 мың теңгені құрады”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақты зат тәркіленіп, іске тіркелген. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.