Прокурор Дана Сәрсембай жарыссөз барысында екі әйел сотта көп нәрсені жасырып қалғанын айтты.
Талдықорған сотында Шерзат Болаттың ісі бойынша сот жарыссөзі өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы кі куәгер қызға қатысты жаңа қаулы шығаруды сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Прокурор Дана Сәрсембай жарыссөз барысында екі әйел сотта көп нәрсені жасырып қалғанын айтты.
Шындыққа жету жолында сотты әдейі адастыруға тырысатын тұлғалар бар екенін көріп отырмыз. Атап айтқанда, сот отырысында Нұрбекова Эльмира мен Жақсыгелді Дана қылмыс жасалған сәтте оқиға орнында болғанын растағанымен, өздері шок күйде болғанын, кей жағдайларды көрмегенін, құқық қорғау органдарына хабарлауға мүмкіндіктері болмағанын, себебі қорыққанын айтты. Олар өз сөздерінде қалта телефондары сөмкеде, ал сөмкелері көлікте болғанын айтты. Алайда тергеу барысында алынған нақты деректер мен бейнематериалдар бұл мәлімдемелерді толығымен теріске шығарды. Toyota Prada автокөлігінен алынған бейнежазбаға сәйкес, оқиғадан кейін олар өздерін еркін, дөрекі және болған қырғын оқиғаға қарамастан еш уайымсыз ұстаған. Сотталушылармен бірге көңілді отырғандары байқалады. Бұл олардың шок жағдайда болмағандарын, керісінше, жағдайды саналы түрде бақылап, тіпті қасақана үнсіздік танытқанын айқындайды, - дейді мемлекеттік айыптаушы.