×

Павлодарда қыз ұзату тойынан кейін 30-дан астам адам ауруханаға түсті

Олардың қатарында жүкті әйел мен бір бала да болған.

Павлодарда қыз ұзату тойынан кейін 30-дан астам адам ауруханаға түсті
Pixabay.com

Павлодар қаласындағы Чокин көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінде өткен қыз ұзату тойынан кейін бірнеше қонақ денсаулық жағдайының күрт нашарлауына шағымданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалыңдық Әзиза Исабайдың айтуынша, ең алдымен салаттар мен тіскебасар тағамдарын тұтынған ересектер уланған.

Тойдан кейін көп адам өзін жайсыз сезінді. Дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, құсу мен іш өту басталды. Бұл жағдайдың мейрамханадағы тағамнан болғаны анық. Себебі жеміс, шырын, пирог секілді өнімдерді балалар да жеген, бірақ ешбір бала ауырған жоқ. Көбіне салат жеген ересектер зардап шекті, – деді ол.

Павлодар облыстық жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, бір тәуліктің ішінде 33 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың қатарында жүкті әйел мен бір бала да болған. Тойға шамамен 150 адам жиналған.

Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 29 адам ауруханаға жеткізілген, олардың 15-і стационарға жатқызылып, 14-і амбулаториялық ем алып жатыр.

Пациенттердің бәрінде бактериялық ішек инфекциясының белгілері байқалды. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы – орташа ауырлықта, негізгі белгілері: интоксикация, іш өту және дене қызуының көтерілуі. Қазіргі уақытта олар толық ем-дом қабылдап жатыр, – деп мәлімдеді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асырап алған баласын өлтірген күдікті ер адам әскери қызметкер болып шықты
Бүгін, 16:40

Асырап алған баласын өлтірген күдікті ер адам әскери қызметкер болып шықты

Адам өлтірді деген күдікке ілінген отбасыдан төрт асыранды баланы мемлекет қарамағына алу шешімі қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →