×

Үндістандағы ұшақ апаты: Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бүгін Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған Boeing 787-8 ұшағы апатқа ұшырады

Үндістандағы ұшақ апаты: Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Коллаж: асым-Жомарт Тоқаев/Нарендра Моди

 Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне 240-тан астам жолаушылары бар ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді”, – делінген хабарламда.

 Еске сала кетейік, апат Ахмедабад әуежайынан ұшып шыққаннан бірнеше минут өткен соң орын алған. Ұшақ тұрғын үй орналасқан ауданға құлап, өрт пен жергілікті халық арасында дүрбелең тудырды. Құтқару қызметтері оқиға орнында жұмыс істеуде,ауданға кіруге шектеу қойылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →