×

Қарағандылық екі дәрігерді соққыға жықты – Денсаулық сақтау министрі қатаң айыптады

Ол  38 жастағы қала тұрғыны болып шықты

Қарағандылық екі дәрігерді соққыға жықты – Денсаулық сақтау министрі қатаң айыптады
Фото: gcgb.info: UGC

Қарағандыда облыстық балалар ауруханасының екі дәрігерін ауыр соққыға жықты деген күдікпен ер адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 12 маусым күні медициналық мекеме аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы қала тұрғыны мен медицина қызметкерлері арасында жанжал шығып, соңы дәрігерлерге шабуыл жасауға ұласқан. Кейін белгілі болғандай, күдікті ауруханадағы науқастардың бірінің туысы болып шықты.  

Зардап шеккен дәрігерлер ауыр жарақат алып, шұғыл нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауруханаға арнайы барып, олардан жағдайын сұрап, бұл әрекетті бассыздық деп атап, қатаң айыптады.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Анасы терезеден лақтырып жіберген: балалардың жағдайы белгілі болды
Кеше, 14:40

Анасы терезеден лақтырып жіберген: балалардың жағдайы белгілі болды

Полиция дерегінше, зардап шеккен балалар – оның туған ұлдары.
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталу үстінде.
Пекинде бірнеше күн ішінде жылдық мөлшерге тең жауын-шашын жауды. Қатты нөсердің салдарынан кенеттен болған тасқындар кемінде 30 адамның өмірін қиды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →