×

"Басын көлікке он шақты рет ұрды": Таразда жігітті әскерге күштеп алып кетпек болған

Өздерін дұрыс таныстырмағандар жігітті ұстаған жерден әскерге әкетпек болған

"Басын көлікке он шақты рет ұрды": Таразда жігітті әскерге күштеп алып кетпек болған
Сурет: Бейнеден кадр

Желіде екі ер адамның, оның бірі әскери киімде, жігітті көлікке күштеп салып әкетпек болған сәті талқыға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Тараз қаласына қарасты Красная Звезда ықшам ауданында болған. Жазба авторларының айтуынша, жігіттің басына зақым келген, миы шайқалды деген ақпарат бар.

Жігіт көлік есігіне аяғын тіреп, қос қолын ұстаған азаматтарға қарсылық ретінде басын аяусыз көлік төбесіне ұрғылаған. Ол бар күшімен қарсыласып, екі ер адамның қолынан жұлқына сытылған.Одан кейін оны алып кетпек болғандар босатып жіберген.

Ал видеоны түсіріп тұрған жігіттің туыстары өздерін дұрыс таныстырмағандар жігітті ұстаған жерден әскерге әкетпек болды деп айтып жатыр.. Олар басын көлік төбесіне кемі он рет аяусыз соққан жігіттің миы шайқалғанын да видеода айтып өтті.

Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан ешқандай түсініктеме берілген жоқ.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
11.07.2025ж. 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →