×

Қостанай облысында отбасылық жанжал кезінде екі әйел көз жұмды

Күдікті ұсталған. 

Қостанай облысында отбасылық жанжал кезінде екі әйел көз жұмды
Фото: polisia.kz

15 шілде күні кешке Қостанай облысының Қарабалық ауылында қайғылы жағдай болды – бір үйден екі әйелдің мәйіті табылды. Полицияның мәліметінше, оқиға отбасылық жанжалдың салдарынан болған болуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайтыс болған 39 және 74 жастағы әйелдер 45 жастағы жергілікті тұрғынмен бірге бір үйде тұрған. Қазір дәл осы ер адам кісі өлтіру ісі бойынша басты күдікті деп танылып отыр. Жергілікті БАҚ өкілдері әйелдердің пышақталғаны туралы жазған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарабалық ауылының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Қостанай облыстық Полиция департаменті.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қаза тапқандар күдіктінің әйелі мен енесі болуы мүмкін. Ал 39 жастағы әйелдің артында кәмелетке толмаған балалары қалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Шімән» апаны мануалист ұрып «өлтіріп» қоя жаздады
Бүгін, 13:20

«Шімән» апаны мануалист ұрып «өлтіріп» қоя жаздады

Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.
Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →