×

Астанадағы сауда үйінде өрт болды: қабатаралық жабын опырылып түсті

Тілсіз жаумен күреске 100-ге жуық қызметкер мен 60 арнайы техника жұмылдырылды.

Астанадағы сауда үйінде өрт болды: қабатаралық жабын опырылып түсті
ҚР ТЖМ

18 шілде күні түнде елордада «BIG Шанхай» сауда кешенінде ірі өрт шықты. Өрт салдарынан ғимараттың қабатаралық жабындарының бірі опырылып түскен. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт таңғы сағат 07:10-да оқшауланған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайтын сауда үйін от тұтастай шарпыған. Мамандардың айтуынша, өрттің кең көлемде таралуына оның кеш анықталуы және жанғыш материалдардың көптігі себеп болған. Тілсіз жаумен күреске 100-ге жуық қызметкер мен 60 арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетерлігі, сауда нысанының әкімшілігі өрт туралы тиісті органдарға хабарламаған. Қою қара түтінді бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен байқаған өрт сөндірушілердің өздері өртті алғаш болып анықтаған.

Бұл «BIG Шанхай» сауда үйіндегі алғашқы өрт оқиғасы емес. 2017 жылы да кешен аумағында өрт тіркелген. Ол кезде қойма шатыры мен құрылыс материалдары жанған, өрт аумағы 120 шаршы метрді ғана құраған. Абырой болғанда, адам шығыны мен зардап шеккендер болмаған.

2014 жылы пайдалануға берілген «BIG Шанхай» сауда үйі Алаш тас жолы, 34/1 мекенжайында орналасқан. Кешенде 90-нан астам бутик жұмыс істейді. Мұнда әйелдер мен балалар киімі, аяқ киім, ойыншықтар, жиһаз, тұрмыстық техника, азық-түлік пен үйге арналған түрлі тауарлар саудаға шығарылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда ер адам жеке клиникада медбикені аяусыз соққыға жықты
Бүгін, 10:56

Қарағандыда ер адам жеке клиникада медбикені аяусыз соққыға жықты

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.
Түрксіб аудандық сотында ер адамға қатысты сот үкімі оқылды.
Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →