×

Алматыда қойма өртенді

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. 

Алматыда қойма өртенді
Алматы қалалық ТЖД

21 шілде күні таңертең Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан қоймалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, сағат 09:52-де Тобаяқов көшесінде орналасқан қойманың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Сағат 09:58-де өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен.

Мамандардың айтуынша, келген кезде қойма ашық жалынмен жанып жатқан, өртті ауыздықтау үшін өрт сөндіру құрылғылары іске қосылып, автоцистерналар су гидранттарына қосылған. Осылайша су үздіксіз жеткізіліп отырған. Өртті сөндіру барысын ТЖД бастығы өзі басқаруда, арнайы жедел штаб құрылып, үш өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылған. Қаланың барлық тиісті қызметтері жұмылдырылған.

ТЖД мәлімдеуінше, өртті сөндіру жұмыстары қоймадағы жанғыш материалдардың көптігінен қиындық туындатқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Парақшада көрсетілген мәлімектке сүйенсек, келіні туралы айтып тұрған қария күдіктінің нағашы ағасы болып келеді. 
Асқан қатыгездікпен қаза тапқан Айзат З жыл бұрын отау құрған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →