×

Күйеуі «аттың жалына байлап сүйреген» марқұм Айзат жайлы қайын ағасы мен достары шындықты айтты

Парақшада көрсетілген мәлімектке сүйенсек, келіні туралы айтып тұрған қария күдіктінің нағашы ағасы болып келеді. 

Күйеуі «аттың жалына байлап сүйреген» марқұм Айзат жайлы қайын ағасы мен достары шындықты айтты
видеодан кадр

Жетісу облысында 32 жастағы Айзат Жұманованың жан түршігерлік жағдайда қаза табуы елді есеңгіретіп, қоғамның ашу-ызасын туғызды. Марқұмның  қайынағасы келіні туралы айтты, деп хабаралайды  Qaz365.kz.

Видео shapalaq TikTok желісінде жарияланған. Парақшада көрсетілген мәлімектке сүйенсек, келіні туралы айтып тұрған қария күдіктінің нағашы ағасы болып келеді. 

Қалай істегенімді білмеймін дейді. Қалай білмейсің десем, түсіндіре алмайды. Екеуміз тергеушінің көзінше сөйлестік. Жынды адамның да олай істемейтінін айттым. Бір үйдің жалғыз ұлы. Әкең мен шешеңе не болды дедім. Айзат пен Айбардың арасы жақсы болды. Айзат өте алтын келін болған, оған ештеңе айта алмаймын. “Ағала” тамағымызды қай кезде келсек те дайындап тұратын. Қонақ келсе де солай, - деді ол. 

Ал достары Айзатты да, жолдасын да жақсы танимыз. Өте жақын араластық. Құрдастар болып, бір-бірімізге барыс-келісіміз жақсы еді деп отыр.

Бірнеше күннен бері «Айзаттың өзінен де кінә болған» дегенге саятын пікірлер жазылуда. Айтқым келгені, не болып, не қойғанын әзірге ешкім білмейді. Марқұмның артынан ондай жаман сөз айтпайық. Айзат та, күйеуі де жап-жақсы адамдар болатын. Екеуінің арасында әлдебір араздық, ұрыс-керіс болғанын араласып жүрген осы 3 жылда көрген емеспіз. Айзаттың өте жақсы келіншек болғанын көзіміз көрді. Отбасылық достарымыз болды. Айбар бәлкім бірдеңе ішті ме, шекті ме, кім білсін. Көзі байланып қалды ма, білмеймін. Қалай десек те, қылмыс жасалған болса, әркім өз жазасын алады деп сенемін. Қалай болғанда да, достарымыздың бірін өлімге, бірін түрмеге қимаймыз. Алайда әділдік орнын табады деп сенеміз, - деген құрбысы Дана Қасымова жұртты оқиғаның нақты шындығын білмей, албаты пікір жазбауға шақырды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. 
Асқан қатыгездікпен қаза тапқан Айзат З жыл бұрын отау құрған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →