×

Маңғыстау облысында мектептің төбесі опырылып түсті

Маңғыстау облысында мектептің төбесі опырылып түсті
скрин видео

Маңғыстау облысының Қарақия ауылында мектеп төбесі ортасына түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. 

2025 жылы 23 шілде күні таңғы сағат 06:30 шамасында Қарақия ауданы, Құрық ауылында орналасқан «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залының төбесі құлады. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Құлаған Акт залының төбе жабыны шамамен 250 шаршы метр аумақты қамтиды, - деп мәлімдеді Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті тексеріс пен сараптама жұмыстары жүргізілуде. 

Айта кетейік, аталған мектеп 2009 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген. Мектеп жобалық қуаттылығы 1200 оқушыға арналған.

Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды. 

Толық сараптама нәтижелері мен алдағы жөндеу жұмыстары туралы қосымша ақпараттар алдағы уақытта хабарланатын болады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелді
Бүгін, 16:17

Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелді

Зілзала ошағы Қазақстанда орналасқан. 
Парақшада көрсетілген мәлімектке сүйенсек, келіні туралы айтып тұрған қария күдіктінің нағашы ағасы болып келеді. 
Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →