×

Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия жіберілген. 

Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті
GOV.KZ

Алматы облысында әскери тікұшақтың жоғалуына байланысты іздестіру-құтқару операциясы басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылғы 25 шілдеде жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 үлгісіндегі тікұшақ радардан жоғалып кеткен.

Алдын ала деректерге сәйкес, бортта үш экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия жіберіліп, жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Ведомство қосымша ақпарат жарияланатынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Басы жарылған»: Әсет Матаев өзіне бір топ адамның жабылып шабуыл жасағанын айтты
Бүгін, 17:13

«Басы жарылған»: Әсет Матаев өзіне бір топ адамның жабылып шабуыл жасағанын айтты

ҚазТАГ агенттігінің бас директоры өзіне әлдекімдердің шабуыл жасағанын айтты
Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы, 57 жастағы Әлібек Жүпіловті жерлеу рәсімі 18 наурызда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →