×

Алматыда мопед мінген әйел жүк көлігінің астында қалып көз жұмды

Жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматыда мопед мінген әйел жүк көлігінің астында қалып көз жұмды
Pixabay.com

Бүгін таңертең Алматының Жетісу ауданында қайғылы жағдай болды. Таңғы сағат 8:50 шамасында Howo маркалы жүк көлігі мопедпен соқтығысқан. Мопедті тізгіндеген 54 жастағы әйел алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция мәліметінше, жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жүк көлігінің жүргізушісі тергеліп, жол қозғалысы ережелерін сақтауына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға, әсіресе таңғы қарбалас уақытта қауіпсіздікті қатаң сақтауға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →