Екі жасар қыз дене жарақатын сол кезде алған
Адвокат Гаухар Сарыева әлеуметтік желідегі парақшасында Талғар ауданындағы қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, қылмыскер бала отырған көлікпен жардан құлап кеткен, қыз дене жарақатын сол кезде алған.
«Ол оған тиіспеген. Қызды құдай сақтады», - деп жазды Сарыева.
Адвокат ұрланған қыздың анасы медбике болып жұмыс істейтінін атап өтті. Қылмыскер жәбірленуші әйелдің бауырын өлтірген кезде6 ол көршісінің үйінде онкологиялық ауруға шалдыққан науқасқа дәрі егіп жатқан.
Еске сала кетейік, тергеу мәліметі бойынша күдікті мен жәбірленуші әйел бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Олардың арасында жанжал шыққан. Күдікті жәбірленушінің бауырын атып өлтірді.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті кішкентай баланы ұрлап, қашып кеткен. Артынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.