×

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Ернар жер қойнына тапсырылды

Оның артында үш баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды.

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Ернар жер қойнына тапсырылды
Kazakhstan Today

Талғарда өлтірілген 30 жастағы Ернар Тұрғанбеков жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысының Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылында елді дүр сілкіндірген ауыр қылмыс болды. Қызды зорлап, интимдік суреттері мен видеоларын түсіріп, қорқытып-үркіткен ер адамды ауыл тұрғындары полицияға ұстап тапсырғанымен, Талғар аудандық полициясы күдіктіні қамауға алмай, босатып жіберген.

Арада бір күн өткен соң күдікті жанына екі-үш жігітті ертіп, қыздың үйіне қайта оралды. Жолай дүкенге бара жатқан 30 жастағы Ернарды көліктен түсіп, көптің көзінше жүрек тұсынан екі рет атып өлтірген. Кейін үйге кіріп, отбасы мүшелерін қорқытып, 3 жасар бүлдіршінді кепілге алған.

Қайғылы оқиғадан кейін облыстық прокуратура мен полиция қылмыстық іс қозғады. Арнайы прокурорлар істі өз бақылауына алған.

Ал бүгін кісі қолынан қаза тапқан 30 жастағы Ернарды жер қойнына тапсырды. Оның артында үш баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →