×

Алматы облысында жарылыстан үш адам қаза тапты

Алматы облысында жарылыстан үш адам қаза тапты
Фото: Jordi Salas/Getty Images

Алматы облысында метал қабылдау бөлімшесінің аумағында болған жарылыстан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

 

Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде болған.

Белгісіз заттың жарылысы салдарынан үш адам қаза тапты. Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі барды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатқаны айтылған.

Барлық тергеу әрекеті заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда, - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →