×

«Жалғызым едің...»: Тоқтар Серіков жақын адамынан айырылып қалды

«Жалғызым едің...»: Тоқтар Серіков жақын адамынан айырылып қалды
Фото: Instagram.com/toktar.serikov

Қазақстандық эстрада жұлдызы Тоқтар Серіков отбасындағы ауыр қазаны көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Әнші Instagram парақшасында нағашы ағасы өмірден озғанын хабарлап, анасымен қатар тұрған суретті жариялады. Ол жақын адамына деген сағынышы мен жүрегіндегі қайғысын өлең жолдарымен жеткізді.

Серіков нағашысымен қоштасу сәтіндегі жан күйзелісін былай деп өлеңге қосты:

«Нар тұлғалы, жанашырым нағашым,
Жүрегімде анам үшін дарасың.
Сен де кеттің бұл өмірден қош айтып,
Жас толтырып екі көздің, қарасың...»

Әншінің жазбасына көптеген тыңдарманы мен өнердегі әріптестері көңіл айтып, сабыр тіледі.

Желіде Тоқтар Серіковтің қайғысына ортақтасқан мыңдаған пікір жазылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →