×

Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан 10 адам жол апатынан қайтыс болды

Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан 10 адам жол апатынан қайтыс болды
Фото: pixabay

Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысындағы ірі жол апатына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға 11 қыркүйек күні Қарақия ауданының Сенек ауылынан 90 шақырым жерде тіркелген.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Hiace маркалы шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кеткен. Салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы қазір ауруханада жатыр.

Министрдің тапсырмасымен тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды. Тергеу аясында жүргізушінің әрекеті, көліктің техникалық жағдайы, бағыт пен тасымалдау шарттары тексерілуде.

Белгілі болғандай, шағын автобуста қасиетті Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан Қазақстан азаматтары отырған. Олар әртүрлі өңірлерден келген. Жарақат алғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

ІІМ әкімдіктермен және тиісті мемлекеттік органдармен бірге қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына кешенді көмек ұйымдастыруда. Оның ішінде:

  • қаза тапқандардың денесін өңірлерге жеткізу;

  • туыстарымен тұрақты байланыс орнату;

  • жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсету;

  • сақтандыру және заңдық мәселелерді шешуге көмектесу.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев жүргізушілерге сақ болуды ескертті:

Шаршаған күйде рөлге отырмаңыздар, көлікке артық жүк салмаңыздар. Шаршаған жүргізушінің өзі үлкен апатқа себеп болуы мүмкін

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →