×

Ұлытау облысында 5 млн теңге пара алды деген күдікпен полицейлер ұсталды

Тергеу нұсқасына сай, олар қылмыстық істі жабуға уәде еткен

Ұлытау облысында 5 млн теңге пара алды деген күдікпен полицейлер ұсталды
Ашық дереккөзден

Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары мен осы бөлімнің тергеушісі қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

13 қыркүйекте Ұлытау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Райымқұлов Б.С. және осы бөлімнің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Қуанышбеков Ж.Е.-ні ұстады.

Олар Жаңаарқа ауданындағы «Достық» кафесінің маңында М. Жақаннан қылмыстық жауапкершіліктен құтқару мәселесін шешіп беру үшін 5 млн теңге алған сәтінде қолға түскен.

Айта кетейік, 2025 жылы 13 қыркүйекте азамат «Ж»-ның арызы негізінде пара талап ету дерегі бойынша №256200041000025 қылмыстық іс тіркелген. Ол ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 1, 2-тармақтары (алдын ала сөз байласқан адамдар тобының қорқытып алу жолымен пара алуы) бойынша қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған оқиғаға қатысты Ұлытау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«ҰҚКД мен Полиция департаментінің ӨҚБ бірлесіп жүргізген іс-шаралары нәтижесінде Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің екі бұрынғы қызметкері құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Департамент бастығының бұйрығымен екеуі де теріс себептер бойынша қызметтен босатылды. Полиция департаменті қағидатты ұстанымда: заң мен антына опасыздық еткендер міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады», – деді Ұлытау облысының ПД өкілдері Qaz365.kz-ке.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →