×

Астанада құрылыс алаңында 17 жастағы жасөспірімді бетон плита басып қалды: қылмыстық іс қозғалды

Тергеу жалғасуда

Астанада құрылыс алаңында 17 жастағы жасөспірімді бетон плита басып қалды: қылмыстық іс қозғалды
Коллаж Qaz365.kz

Астанада «Қазполимерстрой» компаниясының құрылыс нысанында жұмыс істеген теміржол колледжінің 17 жастағы студентінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы елордалық полиция департаменті хабарлады. Тергеу адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабымен жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай 24 қыркүйекте болған. Бетон плитаны түсіру кезінде ол жүкші болып жұмыс істеген жасөспірімнің үстіне құлап, жан тапсырған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, тиісті заттай айғақтарды жинап, куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдардан жауап алды. Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін марқұмның анасы, Қызылорда қаласының тұрғыны Айгүл Жұбанова әлеуметтік желілерде видеоүндеу жариялап, ұлы Ерсұлтан Мұбаракұлының демалыс кезінде құрылыс нысанында қосымша табыс табу үшін жұмыс істегенін айтқан. Оның сөзінше, ұлының ресми еңбек шарты болмаған және ол техника қауіпсіздігі бойынша оқудан өтпеген.

Айгүл Жұбанова прокуратураны, Ішкі істер министрлігін және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты бұл істі жеке бақылауға алуға шақырды.

Әйелдің айтуынша, жасөспірімнің қазасына қарамастан, құрылыс нысанындағы жұмыстар тоқтатылмаған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Полиция барлық мән-жайды анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →