×

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған

Келес ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қызға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған
Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысы Келес ауданында 15 жастағы жасөспірім туысқан атасынан жүкті болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күдікті зейнеткердің жасы 71-де. Сұмдығы сол қаршадай қызға қорлық көрсетті деген өзге емес, өз ағайын атасы. Жәбір көрген жеткіншектің жүкті екенін ата-анасы жеті айында бір-ақ білген. Ал оны естіген ауыл үлкендері бірауыздан бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр. Жасөспірімнің жүкті екенін ата-анасы жеті айында бір-ақ білген. Қыз биыл ақпан айында босанған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, күдіктінің мұндай азғын әрекеттері бұған дейін де тіркелген, алайда сол кезде жәбір көргендер ауылдан көшіп кеткен. Ал бұл жолы оның құрбаны болған – алты баланың ортаншысы, өзіне қол салмақ болған жерінен туыстары дер кезінде құтқарып қалған. Күдікті зейнеткер көрші тұрған. Полиция күдіктіні қамауға алды.

Келес ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қызға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - облыстық полиция департаменті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →