×

Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам көз жұмды

Тағы бес адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам көз жұмды
видеодан кадр

Ақтөбе облысындағы Белқопа ауылы маңында Самара – Шымкент бағыты бойынша ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала деректерге сәйкес, DAF маркалы жүк көлігі мен «ГАЗель» шағын автобусы соқтығысқан. Қатты соққының салдарынан екі көліктің жүргізушісі және «ГАЗельдің» 10 жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.

Тағы бес адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, жүк көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шыққан болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта жол апатының себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →