×

Ауруханадан қашқан сотталушы Түркістан қаласында ұсталды

Танысының үйіне жасырынған

Ауруханадан қашқан сотталушы Түркістан қаласында ұсталды
pixabay.com

Түркістан облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады. Ол Түркістан қаласындағы танысының үйінен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұсталған адам тергеу изоляторына тоғытылды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті іс шаралар атқарылуда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға ағымдағы жылдың 23 қазанында болған. Ауруханадан қашқан сотталушыны ұстау мақсатында ауқымды жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды, бақылау бекеттері қойылды, сондай-ақ полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Бұл жайт Түркістан облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →