×

СҚО-да әйел адам астық қоймасына құлап көз жұмды

СҚО-да әйел адам астық қоймасына құлап көз жұмды
depositphotos

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорнында жұмысшы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 19 қараша күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 34 жастағы әйел жұмыс барысында биіктіктен құлап, астыққа толы қойманың ішіне түскен.

Куәгерлердің айтуынша, ол шамамен 30 метр биіктіктен құлаған. Оқиға орнына бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері шақыртылған, алайда әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Қазір бұл дерек бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті сараптамалар тағайындаған.

Тергеу жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →