×

Түркістан облысында өрттен зардап шеккен әйел тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

Түркістан облысында өрттен зардап шеккен әйел тікұшақпен Шымкентке жеткізілді
gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» авиациялық қызметінің тікұшағы Түркістан облысының Жетісай ауданынан Шымкент қаласына санитарлық рейс жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рейс «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының» үйлестіруімен ұйымдастырылған. Ұшу барысында өрттен зардап шеккен 1990 жылы туған әйел адам Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, Жетісай ауданында науқасқа қажетті арнайы жабдықтар болмағандықтан, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мақсатында оны Шымкентке әуе көлігімен тасымалдау қажет болған.

Экипаж санитарлық рейсті барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып сәтті орындады. Қону сәтінен кейін зардап шеккен әйел мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына тапсырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →