×

Астанада микроавтобус пен маршруттық автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты

Астанада микроавтобус пен маршруттық автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты
Астана ПД

Астанада микроавтобус пен қоғамдық көлік соқтығысқан жол апатынан бір адам көз жұмды. Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдын ала мәліметке қарағанда, микроавтобустың жүргізушісі басқаруды жоғалтып, аялдамада тұрған маршруттық автобусқа соғылған. Қатты соққы салдарынан микроавтобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Жол апатының нақты қай жерде болғаны әзірге хабарланған жоқ, бірақ тараған фотоларға қарағанда, оқиға автобус аялдамасында болған.

Департаменттің мәліметінше, екі адам жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Полиция қылмыстық іс қозғап, апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →