×

Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл қонды: салонында түтін байқалған

Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл қонды: салонында түтін байқалған
Air Astana

Бүгін таңертең Air Astana әуе компаниясының Алматы–Астана бағытындағы рейсі жоспардан бұрын Алматы әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әуе компаниясының хабарлауынша, оқиға сағат 07:38-де болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін салон ішінен түтін байқалып, экипаж апаттық қону сигналын жариялаған.

Борт сағат 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонған.

«Ұшақтағы барлық жолаушы мен экипаж мүшелері дін аман. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады компания өкілдері.

Қазіргі уақытта түтіннің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға бойынша тексеру басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →