×

Air Astana ұшағы Алматыға кері қайтты: әуе компания түсініктеме берді

Air Astana ұшағы Алматыға кері қайтты: әуе компания түсініктеме берді
Qaz365.kz/ Бауыржан Карипов

17 желтоқсанда Алматы–Астана бағыты бойынша ұшқан Air Astana әуе компаниясының KC 851 рейсі ұшу барысында борттағы кондициялау жүйесінен шыққан белгісіз иіске байланысты Алматыға кері оралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компанияның хабарлауынша, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматы әуежайына қайтып қону туралы шешім қабылдаған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 07:40-та штаттық режимде қонды.

«Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы – біздің басты басымдығымыз. Рейс сәтті қонды, ешкім зардап шеккен жоқ», – деп мәлімдеді Air Astana өкілдері.

Қону кезінде жолаушыларға сусындар мен тіскебасарлар ұсынылған. Олар Астанаға басқа әуе кемесімен сағат 10:15-те жөнелтіледі.

Қазір ұшаққа қатысты техникалық тексеру жұмыстары белгіленген тәртіппен жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →