×

Қосшы қаласында спорттық жаттығу кезінде 10 жастағы қыз көз жұмды

Қосшы қаласында спорттық жаттығу кезінде 10 жастағы қыз көз жұмды

Ақмола облысындағы Қосшы қаласында орналасқан спорт кешендерінің бірінде 10 жастағы қыз бала қайтыс болды. Қайғылы оқиға жаттығу барысында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, сабақ кезінде баланың жағдайы кенеттен нашарлаған. Спорт кешеніне жедел жәрдем шақырылғанымен, келген медицина қызметкерлері баланың өмірін сақтап қала алмаған.

Ақмола облысының полиция департаменті оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тиісті тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатыны айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →