Келіні енесіне пышақ ала жүгірген
Атырау облысы Қызылқоға ауданының 82 жастағы тұрғыны туған келінінің қолынан ажал құшты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жантүршігерлік қылмыс 2025 жылдың мамыр айында Жасқайрат ауылында болған, бірақ ол туралы қазір ғана мәлім болды.
Тергеу материалдарынан белгілі болғандай, егде жастағы әйел ұзақ уақыттан бері төсек тартып жатқан, орнынан өздігінен тұра алмай, өзгелердің көмегіне мұқтаж болған.
Полицияның хабарлауынша, оқиға болған күні үйде кейуана және оның 38 жастағы келіні болған. Келіні енесіне пышақ ала жүгірген. Тергеу әйелдің басы мен денесіне кемінде төрт соққы болғанын анықтады. Жәбірленуші шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілген. Алайда, дәрігерлер қанша тырысса да, зейнеткерді құтқарып қалу мүмкін болмаған. Ол алған пышақ жарақаттарынан сол күйі есін жимастан қайтыс болған. Қылмыс жасаған әйелді 83 жастағы зейнеткерді пышақтауға не итермелегені белгісіз.
Қылмыстық кодекстің 99-бабымен (Кісі өлтіру) кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына орналастырылды. Тергеу барысында сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалар жүргізілді. Сарапшылар әйелдің созылмалы параноидты шизофрения ауруы бар деген қорытындыға келді.
Қазір істі Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарауда.