×

Шымкент дендросаябағында ер адамның денесі табылды

Шымкент дендросаябағында ер адамның денесі табылды
Ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы дендросаябақ аумағынан 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі HALYQSTAN Telegram арнасына сілтеме жасап. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Оқиға қала тұрғындары жиі демалатын орында болғандықтан, құқық қорғау қызметкерлерінің келуі келушілер арасында алаңдаушылық тудырған. Кейін полиция өкілдері ер адамның асылып қалғанын және оның өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс Қылмыстық кодекстің өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабымен тіркелген. Тергеу аясында оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, бұл дендросаябақ аумағында тіркелген алғашқы жағдай емес. 2022 жылы осы жерде Ресей Федерациясының азаматы Александр Кирьянов асылып қалған күйінде табылған болатын. Ол елге қайту үшін билет алып қойғаны, алайда ұшар алдында дендросаябаққа барып, содан кейін қайта оралмағаны хабарланған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →