×

БҚО-да жасөспірім қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

БҚО-да жасөспірім қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
depositphotos

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында жасөспірім қызға қатысты зорлық-зомбылық жасалды деген күдікпен тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 2 қаңтар күні болған. Жәбірленушінің әкесі полицияға арызданып, бейтаныс ер адамның қызын алдап үйіне кіргізіп, кейін оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтқан.

БҚО Полиция департаменті бұл деректі растап, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Жасөспірімді зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің өндірісінде. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу кешені аяқталғаннан кейін шешіледі», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Өңірдің құқық қорғау органдары бұл істің департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін жеткізді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →