×

«Басы жарылған»: Әсет Матаев өзіне бір топ адамның жабылып шабуыл жасағанын айтты

ҚазТАГ агенттігінің бас директоры өзіне әлдекімдердің шабуыл жасағанын айтты

«Басы жарылған»: Әсет Матаев өзіне бір топ адамның жабылып шабуыл жасағанын айтты

Алматыда ҚазТАГ агенттігінің бас директоры Әсет Матаев бұзақылық жасады деген күдікпен ұсталды. Кейін ол өзіне әлдекімдердің шабуыл жасағанын және зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның қорғаушысы Рена Керимованың айтуынша, оқиға түнде Достық даңғылы бойындағы сыраханалардың бірінің маңында болған. Әсет Матаев досы Уәлиханмен бірге демалыс орнынан шығып, таксиге бет алған сәтте, өздеріне бұрын таныс емес адамдармен жанжалдасып қалған.

«Әсеттің сөзінше, азғантай кикілжіңнен кейін 5–6 адам (арасында қыздар да болған) оларға шабуыл жасап, екеуін соққыға жыққан», – деді қорғаушы.

Оқиғадан кейін Матаев сот-медициналық сараптамаға жеткізілген. Дәрігерлер оның денсаулығына айтарлықтай зиян келгенін анықтаған. Атап айтқанда, басынан ауыр жарақат алған. Бас сүйегі зақымданып, маңдай тұсына жара түскен, сол жақ самайының алдыңғы және төменгі жағы сынған, сондай-ақ гимосинус тіркелген. Қазіргі уақытта Әсет Матаев өзін өте нашар сезінетінін айтқан.

Қорғаушы бірден полиция басқармасына бара алмағанын, алайда әріптестері Юлия Колпакова мен Акромат Мухтаров оқиға орнына барып, оған құқықтық көмек көрсетіп жатқанын жеткізді.

Әзірге полиция ресми түсініктеме бермеді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы, 57 жастағы Әлібек Жүпіловті жерлеу рәсімі 18 наурызда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →