×

Талғарда тағы бір қанды қылмысқа сот нүкте қойылды

Жәбірленуші тараптың сот шешіміне көңілі толмайды

Талғарда тағы бір қанды қылмысқа сот нүкте қойылды
Видеодан кадр

Алматы облысының Талғар ауданында адам атып өлтіріп, бала ұрлаған азамат 25 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі krk.kz сілтеме жасапю

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 16 бабы бойынша кінәлі деп танылған. Қан төгілген күні онымен бірге болған сыбайластарына да 9 жылға түрме жазасы тағайындалып отыр. Жәбірленуші тараптың бұл шешімге көңілі толмайды. Олар басты айыпталушыға, яғни, шолақ мылтықпен кісі өлтіріп, артынша оның 2 жастағы жиенін кепілге алған адамды өмір бойына соттауды талап етті.

Қызылқайрат ауылында тапа-тал түсте көшенің қақ ортасында 30 жастағы ер адамды атып өлтіріп, кейін марқұмның үйіне басып кіріп, қаршадай қызды ұрлаған сотталушыларға Қаскелеңде үкім шықты. Қанды оқиғадан кейін күдікті деп ұсталған үшеудің қылмысы толық дәлелденді. Басты айыпталушы 16 бап бойынша кінәлі деп танылды. Алайда соның 15-і бойынша жаза кесілмек. Себебі бір істе, яғни көлік ұрлығына қатысты қылмыста жәбірленуші кешірім берген.

– Қалған баптар бойынша, жәбірленушілердің арыздары бойынша сот сізді кінәлі деп танып отыр. Бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, түпкілікті 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ал қалған екі сотталушы кәмелет жасқа толмауына және марқұмның анасының кешірім беруіне байланысты 9 жылға сотталды. Негізі олар да адам өлтіру және ұрлау қылмыстары бойынша кінәлі деп танылған, – деді істі жүргізген судья Асқарбек Бейімбетов.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Гауһар Сарыева да өз пікірін білдірді:

– Алдын ала сөз байласу арқылы өздерінің рөлдерін белгілеп, Айғазинов бір өзім барсам қылмыстық ісін аяқтай алмаймын деген ойда екеуін ерткен. Кәмелет жасқа толмағанын біле тұра. оларға пышақ берген. Ернарды өлтірген кезде де, жәбірленуші Бұрыбаеваның үйіне баса көктеп кіргенде де қолдарынан ұстап тұрған. Қызды алып кеткен кезде де.

Жәбірленуші Гүлнәр Бұрыбаеваның айтуынша, сотталушы оны күдікті әрекеттеріне тартып, тіпті зорлық та көрсеткен.

“Менің үйіме келіп балаңды атып келдім деп, немеремді ұрлап кетті. Ал енді келіп осындай шешім шығып тұр. Мен келіспеймін. Мұның көзінен бір өкініш, адам өлтірдім деген қорқынышы жоқ. Бұл адамнан ештеңе күтуге болмайды. Бұл адам емес. Ертең 25 жыл өтеді де шығады. Бізге кім кепіл?! Айта кетсек, басты сотталушы марқұмның қарындасымен бір мектепте оқыған. Бір-бірін жақын таниды.

Сот үкіміне сәйкес, одан бөлек 25 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушы жәбірленуші тарапқа 30 млн теңге, ал екі сыбайласының әрқайсысы 15 млн теңгеден өтеуі тиіс.

Ал айыпталушы жақ шешіммен келіспейді. Олар жазаны тым ауыр санайды, ал жәбірленушілер аз мерзім берілді деп есептейді. Сондықтан екі тарап та апелляцияға жүгінбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Басы жарылған»: Әсет Матаев өзіне бір топ адамның жабылып шабуыл жасағанын айтты
Бүгін, 17:13

«Басы жарылған»: Әсет Матаев өзіне бір топ адамның жабылып шабуыл жасағанын айтты

ҚазТАГ агенттігінің бас директоры өзіне әлдекімдердің шабуыл жасағанын айтты
Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы, 57 жастағы Әлібек Жүпіловті жерлеу рәсімі 18 наурызда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →