×

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
dorogi_karagandy

18 наурыз күні Қарағанды–Балқаш тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Астана – Қарағанды – Алматы республикалық автожолында, Ақшатау ауылынан шамамен 40 шақырым жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt көлігінің 30 жастағы жүргізушісі бұрылыс кезінде рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, аударылған.

Салдарынан жүргізуші мен көлікте болған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Әлеуметтік желіде тараған видеода оқиға орнынан кадрлар жарияланған. Видео авторы жүргізуші рөлде қалғып кеткен болуы мүмкін деген болжам айтады. Ал кейбір желі қолданушылары жолдың тайғақ болғанын алға тартуда.

Аталған дерек бойынша Қарағанды облыстық полициясы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 2500 адам жол-көлік оқиғаларынан қаза табады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →