Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ
Бүгін кеште Алматы облысының тұрғындары жерасты дүмпулерін сезінді, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“2026 жылғы 8 сәуірде Астана уақытымен сағат 22:55-те ҚР ТЖМ-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 117 шақырым солтүстік-батысқа қарай, Алматы облысы Іле ауданы аумағында орналасқан”, – делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Сезілу қарқындылығы: Алматы облысы, Күрті ауылы – 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.