×

Қазақстанның батыс өңірлеріне құлаған дрондарға қатысты ресми тексеріс басталды

Дрондардың қай елге тиесілі екені тексеріліп жатыр

Қазақстанның батыс өңірлеріне құлаған дрондарға қатысты ресми тексеріс басталды
lada.kz

Қазақстанның батыс аумағына құлаған ұшқышсыз ұшу аппараттарына (дрон) қатысты арнайы тексеріс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы 8 сәуірде Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта құрылған үкіметаралық комиссия дрондардың қай елге тиесілі екенін және олардың нақты қай бағыттан келгенін анықтаумен айналысуда.

Вице-министр Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Мұстабеков елде радиоэлектрондық құрылғылар мен қорғаныс құралдарының жеткілікті екенін, сонымен қатар дрондардан қорғайтын жаңа технологиялар сатып алынып жатқанын атап өтті. Алайда, министрлік өкілі ел аумағына екі дрон құлағанын айтса, бейресми деректер мен БАҚ мәліметтерінде төрт дрон туралы сөз қозғалып отыр.

Дрондардың құлау фактілері 2025 жылдан бері тіркеле бастаған. Мәселен, өткен жылдың ақпанында БҚО Бөкей ордасы ауданынан табылған дронды сарапшылар ресейлік «Орлан-10» аппаратына ұқсатқан болатын. Кейіннен наурыз айында Тасқала және Жәнібек аудандарынан, сондай-ақ маусымда Маңғыстау облысындағы «Болашақ» станциясы маңынан белгісіз ұшу аппараттары табылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ
Қайғылы оқиға жасөспірімнің өз үйінде болған
84 жастағы қаламгердің денсаулығы күрт сыр берген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →