×

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: Төтенше жағдай қызметі алдын ала себебін атады

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: Төтенше жағдай қызметі алдын ала себебін атады
Ulysmedia

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында болған өрттің алдын ала себебі – электр желісіндегі ақау болуы мүмкін. Нақты себебі өрт-техникалық сараптамадан кейін белгілі болады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Евгений Овчарский мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz..

Өрт 7 сәуір күні кешке алты қабатты ғимараттың шатырында шығып, шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірден үш өрт ошағын анықтады. Ғимарат конструкциясының ерекшелігі жұмысты қиындатқанымен, өрт сағат 22:00-ден кейін толық сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаменті өрттің төменгі қабаттарға таралуына жол берілмегенін хабарлады.

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, өрт жұмыс күні аяқталар алдында шыққан, ғимарат ішінде тек күзет қызметкерлері болған. Ресми деректер бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, құжаттар мен мүлік бүлінбеген. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, ғимаратқа соңғы бақылау тексерісі 2024 жылы жүргізіліп, анықталған жеті бұзушылық толық жойылған. Өрт дабылы жүйесі де толық жұмыс істеп тұрған.

Қазіргі таңда өрттен келген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр. Сарапшылар тобы өрттің шығу себебін нақтылау үшін жұмыс істеуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ
Қайғылы оқиға жасөспірімнің өз үйінде болған
84 жастағы қаламгердің денсаулығы күрт сыр берген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →