×

Ұлытау облысында төрт баланың анасы қатыгездікпен өлтірілді

Ұлытау облысында төрт баланың анасы қатыгездікпен өлтірілді
depositphotos

Ұлытау облысының Жәйрем кентінде төрт баланың анасы аяусыз өлтірілді. Қайғылы жағдай салдарынан төрт бала жетім қалды. Полиция департаментінің мәліметінше, ауыр қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның 33 жастағы азаматтық некедегі жолдасы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қазіргі уақытта ол ауруханада полицияның тәулік бойғы күзетімен емделуде. Stankz басылымының дерегінше, ер адам әйелге 20 рет пышақ сұққан. Бұл ақпарат тергеу барысында нақтылануда.

Сот күдіктіні қамауға алу туралы санкция берді. Ол ауруханадан жазылып шыққаннан кейін бірден тергеу изоляторына (СИЗО) ауыстырылады. Құқық қорғау органдары оқиғаның толық хронологиясын және қылмысқа не түрткі болғанын анықтау үшін тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →