×

Өскеменде қараусыз қалған үйден қару-жарақ арсеналы табылды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Өскеменде қараусыз қалған үйден қару-жарақ арсеналы табылды
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Өскемен қаласында қараусыз қалған үйден қару-жарақ арсеналы табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қылмыстық атқару жүйесінің өңірлік департаменттерімен бірлесіп, заңсыз сақталған қару-жарақ арсеналын тапты.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында атыс қарулары Өскемендегі иесіз қалған үйлердің бірінен табылған.

«Атап айтқанда, нөмірлері өшірілген 7,62 мм калибрлі наган маркалы ойық тапаншасы, оған 7,62 мм калибрлі 188 патрон, ТОЗ 34 ЕР аңшылық мылтығының оқпаны, Ф1 граната корпусы, аңшылық мылтықтың 20 калибрлі 12 патроны және 4 сигналдық зымыран анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша тапанша жауынгерлік деп танылды, ал патрондар атуға жарамды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Кеше, 16:40

Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады
Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →