×

Шымкентте 15 жастағы оқушы өлі табылды

Жұма күні таңертең ол  емтихан тапсыруы керек болған

Шымкентте 15 жастағы оқушы өлі табылды
Ашық дереккөздерден

9 маусымда таңертең Шымкенттегі "Тұран-1" ықшамауданындағы көшеден 15 жастағы оқушы өлі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

2007 жылы туған оқушы 8 маусымда кешке мал жайлауға шығып, оралмаған. Таңертеңгі сағат 4:50-де баланың денесі көшедегі ашық алаңнан табылған. Ешқандай зорлық-зомбылық белгісі табылмағаны айтылды. Жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

Оқушы Шымкент қаласындағы №72 орта мектепте оқыған. Жұма күні таңертең ол пәндер бойынша емтихан тапсыруы керек болған.

"Бала тоғызыншы сыныпты бітірді, мектепте айтарлықтай еш қиындық болмады, тәртібі жақсы, инклюзив білім алатын бала, сабақтан қалмайтын. Бүгін емтихан болды, келуі керек еді. Таңертең ата-анасына телефон соғып, қайғылы хабарды білдік. Басы айналып, құлап, басынан қатты соққы алған болуы мүмкін деді. Отбасына көңіл айтамыз", - деді  №72 мектептің директоры Бегмат Усманов.
 

Оқушы өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама көрсетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →