×

Әблязовтың сыбайласы өз еркімен берілді

Ол кінәсін толық мойындады

Әблязовтың сыбайласы өз еркімен берілді
Фото: ашық дереккөзден

Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы саналатын Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен берілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Антикордың мәліметінше, 15 мамыр күні ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді. Ол өз еркімен оралған соң, сонымен қатар, кінәсін толық мойындап, тергеумен ынтымақтастық орнатқан соң, оған қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгергені белгілі болды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топқұрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі одан әрі тергеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды», - деп хабарлады Антикор.

Дереккөзіне сүйенсек, Богданов «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ринат Зайытов халыққа берген уәделерін Тоқаевтың алдында тікелей айтты
Бүгін, 17:54

Ринат Зайытов халыққа берген уәделерін Тоқаевтың алдында тікелей айтты

Депутат Мемлекет басшысының алдында сөз сөйледі
Бүгінде TikTok әлемнің түкпір-түкпірінде танымал
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде және Израиль, Ливан мен Ирандағы шетелдік мекемелерінде жедел желі ашылды
Нұрымова осы тізімге кірмеген, есепке алынбаған тағы ауылдар барын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →