×

Алматыда шие теруге барған мұғалім қайтыс болды

Әріптестерінің сөзінше, мектеп басшысының орынбасары ағаштан құлағанда,  жұлыны үзіліп кеткен

Алматыда шие теруге барған мұғалім қайтыс болды
Ашық дереккөздерден

Алматыда шие теруге барған мұғалім қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индира Мейрамбекқызы Алматы қаласындағы №149 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Әріптестерінің айтуынша, ұстаз жеміс ағашынан құлап, ауыр дене жарақатын алған. Мектеп басшысының орынбасары ағаштан құлағанда, жұлыны үзіліп кеткен. 

«Бесінші маусым күнінен еңбек демалысына шыққан болатын. Өзінің іскерлігімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында ерен еңбек етті. Ұстаз 52 жасқа қараған шағында мезгілсіз көз жұмды. Ол осы айдың 24 күні 52 жасқа толар еді. Өкінішке орай, 06.07.2023 ж. күні  Алатау аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы қайғылы хабарды жеткізді. Туған-туыстарына, отбасына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз», - делінген Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Адвокаттар қайтыс болған Шерзат Болаттың үстінен де қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр
Бүгін, 18:05

Адвокаттар қайтыс болған Шерзат Болаттың үстінен де қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр

Ал сотталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова Қаржаубай Нұрымовтың пышақты үш рет алып шыққаны ескерілуі қажеттігін алға тартты.  
Ол сотта Шерзаттың әкесі мен анасы, әжесі берген жауаптьарда қарама-қайшылық барын айтып отыр
Ол кеше шөп жинау үшін орманға кетіп, үйіне қайта оралмаған
Оқиға бүгін «Шапағат» шағынауданындағы жеке үйлердің бірінде болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →